Жыл соңына дейін барлық ауыл интернетке қосылады

1010

928 елдімекенде интернеттің 3G және 4G технологиясы орнатылады.

Жыл соңына дейін барлық ауыл интернетке қосылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов 1250 ауылды интернет желісіне қосу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

"Байланыс операторларымен бірлесе отырып, бірқатар жобаны іске асырудамыз. Заңға сәйкес, операторлар өз қаражаты есебінен байланыс жүйелерін салып, оны дамытады. Бұл жұмыс 2018 жылы басталған болатын. Қазіргі кезде 1250 ауылды интернет желісіне қосу жұмысы жүзеге асуда. Бүгінгі таңда 50%, дәлірек айтқанда 607 ауыл интернетке қосылды. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табады. Қалған 643 ауыл биылғы жылдың аяғына дейін интернет желісіне қосылады", – деді вице-министр.

Сондай-ақ, Дарын Тұяқов жыл соңына дейін 250 адамнан көп халық тұратын 928 елдімекенде интернеттің 3G және 4G жоғары жылдамдықты технологиясы орнатылатынын мәлім етті.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу