Жыл соңына дейін 72 мектептің құрылысы аяқталады

376

Білім ордалары 38,2 мың оқушы орнына арналған.  

Жыл соңына дейін 72 мектептің құрылысы аяқталады Фото: Үкімет

1 қыркүйекке дейін 106 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.  Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында пилоттық жоба іске қосылады. Жалпы, пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды", – деді Оқу-ағарту министрі.

Жоба 2029 жылға дейін барлық 2 600 шағын жинақты мектепке масштабталады, деп атап өтті министр.

Белгілі болғандай, күрделі жөндеу жұмыстары жалпы жобалық қуаты 117 мың оқушы орны болатын 178 мектепте жүргізілуде. 1 қыркүйекке дейін 106 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

"Қазіргі уақытта 59,3 мың оқушы орнына арналған 101 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 38,2 мың оқушы орнына арналған 72 мектептің құрылысы аяқталатын болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кету керек, бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова қыркүйектен бастап мектептерде қандай өзгеріс болатынын айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу