Жыл соңына дейін тағы 70 мемлекеттік қызмет автоматтандырылады

820

Жыл соңына дейін тағы 70 мемлекеттік қызмет автоматтандырылады

Биыл жыл соңына дейін тағы 70 мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі цифрландыру департаментінің директоры Назгүл Бажаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президенті - елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған "Қазақстанның цифрлық трансформациясы: Бастапқы қадам" атты дөңгелек үстел барысында ол "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелерін таныстырды.

"2019 жылы біз мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын автоматтандыруымыз қажет. Биылғы жылдың өзінде 454 қызмет автоматтандырылды. Жылдың соңында дейін 70 қызмет автоматтандырылатын болады. 9 млн адам өз беттерінде электронды қызметт алды. Бізде проактивті жне композитивті қызметтер енгізілген", - деді департамент басшысы.

Назгүл Бажаева әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесіне тоқталып, enbek.kz еңбек биржасының құрылғандығын, аталған сайтқа тіркеліп жұмыс табуға мүмкіншілік жасалғанын айтты.  Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын цифрландыруға тоқталды.

"Қазіргі уақытта емханаларды цифрландыру  жүргізіліп жатыр. Көрсеткіштерге көз салар болсақ, 13 млн азаматтың бүгінде электронды паспорты бар", - деді ол.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар бизнестің, мемлекеттік органдардың және Қазақстан халқының цифрлық технологияларға өту дайындығын, цифрлық технологиялардың қазақстандық ІТ-индустриясы дамуына әсерін, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының нәтижелерін, оны іске асыру барысында анықталған қиындықтарды талқылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу