Жыл соңына қарай елдің экономикалық өсімі 3,7-4% деңгейіне жетуі мүмкін

802

Қазақстан Үкіметі 2021 жылдың соңына қарай экономикалық өсімді 3,7-4% деңгейіне жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жыл соңына қарай елдің экономикалық өсімі 3,7-4% деңгейіне жетуі мүмкін

"Үкіметтің 2021 жылдың соңына дейінгі негізгі міндеттері: экономикалық өсімді 3,7-4% деңгейінде қамтамасыз ету", – деді премьер-министр Асқар Мамин мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңес барысында.

Еске сала кетсек, 2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ 2,6% төмендеді. Ал биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан экономикасының өсімі 2,2%-ды құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу