Жыл соңына қарай жұмыссыздар саны 700 мыңға жетуі мүмкін

1040

Ресми жұмыссыздар саны 8 есе өскен.

Жыл соңына қарай жұмыссыздар саны 700 мыңға жетуі мүмкін

Ақпаннан бері жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген жұмыссыздардың саны 8 есе артқан. Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов жағдай бұдан әрі ушығуы мүмкін екенін ескертті.

"Ақпан-тамыз аралығында жұмыспен қамту орталықтарына ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны 8 есе көбейген. Бүгінгі таңда ай сайын 60 мың адам осындай мақсатпен жүгінеді. Олардың ішінде бұрыннан жұмыссыз жүргендер де, пандемия кезінде жұмысын жоғалтқандар да болуы мүмкін. Яғни түрлі санаттың адамдары бар. Бәрін жағдайдың келгенінше "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырып жатырмыз. Тым болмағанда уақытша жұмысқа кіргіземіз. Ал жалпы жұмыссыздық деңгейіне келетін болсақ, жыл соңына  дейін 6,1 пайызға жетуі мүмкін. Бұл шамамен 700 мың адам деген сөз. Бірінші тоқсанда еңбекке жарамды халықтың 4,8 пайызы жұмыссыз болса, қазір ол 5 пайыз көлемінде. Жастар арасындағы жұмыссыздық бірінші тоқсанда 3,8 пайыз болса, қазір 4 пайыз. Мұнда да өсім 0,2 пайыз", – деді Серік Шапкенов. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу