"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын алуға өтінімдер қабылданады

659

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы тағайындалады. Конкурсқа әлемнің кез келген елінен волонтерлер немесе волонтерлік ұйымдар қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 20 қазан сағат 18:30-ға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын алуға өтінімдер қабылданады

Үміткерлер келесі құжаттарды электронды түрде (DOC, DOCX, PDF форматы) qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасына орналастырылуы тиіс:

1) үлгі бойынша тіркеу өтінімін;

2) волонтерлік ұйымдар үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

3) волонтерлік қызметке жататын жетістіктер туралы ұсыным хат және анықтама (бар болса);

4) волонтерлік қызметке жататын марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмелері (бар болса);

5) волонтерлік қызметке жататын үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса).

Төмендегі номинациялардың біреуінен ғана сыйлықақы алуға өтінім беруге болады:

1) "Үздік волонтерлік ұйым";

2) "Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы";

3) "Коронавирустық инфекциямен күреске қатысу";

4) "Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары";

5) "Үздік әлеуметтік көмекші";

6) "Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін";

7) "Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін";

8) "Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін";

9) "Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін";

10) "Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін";

11) "Білімді әйгілеудегі үлесі үшін";

12) "Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін";

13) "Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін";

14) "Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін";

15) "Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін";

16) "Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін".

Конкурстың толық шарттарымен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу