Жылдық инфляция 10,8%-ға дейін баяулады – Ұлттық Банк

231

Өңдеу өнеркәсібінде белсенділік азайды.

Жылдық инфляция 10,8%-ға дейін баяулады – Ұлттық Банк Фото: inbusiness.kz

Қызмет көрсету саласында өсім баяулағандықтан, жаһандық экономикалық белсенділік бәсеңдей бастады. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Елімізде іскерлік белсенділік индексі қазанда 49-дан 49,6-ға дейін жақсарды. Өндірістегі жақсару көрсеткіші 51,6-ға дейін барды.  Бизнес-климат индексі ұлғайды. Оған болашақ бизнес-жағдай бойынша кәсіпорындар тарапынан болған күтулердің жақсарғаны әсер етті. Барлық секторда индекс оң қалпында қалды", - деді ол Үкімет отырысында.

Данияр Вагаповтың сөзінше, жылдық инфляция 10,8%-ке дейін баяулады. 

"Десек те, бағаның өсуі екі таңбалы мәнде қалып отыр. Айлық инфляция өткен айдың деңгейінен және таргеттен жоғары қалыптасып, 0,7%-ды құрады. Бұл инфляцияға қарсы саясатты одан әрі жалғастыруды талап етеді", - деп түсіндірді ол.

Ұлттық Банк төрағасы орынбасары азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4%-ға дейін баяулағанын, оның айлық мәні өткен айдағы 0,3%-дан 0,5%-ға дейін қарқын алғанын баса айтты. 

Спикер келтірген мәліметтерге сүйенсек, азық-түлік тауарлары құрылымында қазан айында жұмыртқа, нан, жарма, қант және тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өсті. Ал ірімшік, жаңа піскен көкөніс пен күнбағыс майы арзандаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу