Жылдық инфляция 14,5%-ға дейін жеделдеді

786

Азық-түлік бағасы 19,2%-ға өсті.

Жылдық инфляция 14,5%-ға дейін жеделдеді

Ұлттық Банктің мәліметінше, 2022 жылғы маусымда жылдық инфляция 14,5%-ға дейін жеделдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Барлық құрамдас бөліктер бойынша баға өсіп келеді – азық-түлік тауарлары (19,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар (13,2%) және ақылы қызметтер (9,2%). Бұл жеткізу тізбегіндегі іркілістерге, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты шығасылар инфляциясының өсуі, сондай-ақ фискалдық ынталандырудан қолдау тапқан жоғары сұраныс пен теңге бағамының әлсіреуінен туындап отыр", – деп хабарлады бас банк. 

Базалық инфляция жалпы инфляциядан озып, бағаның орнықты өсу факторларының басымдығын көрсете отырып, қайтадан үдей бастады. 

"Инфляциялық күтулер де үдегенін көрсетті – 2022 жылғы маусымда күтілетін инфляцияның медианалық бағасы бір жыл ішінде 14,9%-ға дейін (мамырда – 13,8%) өсті.

Мамыр-маусымда нақты инфляцияның және инфляциялық күтулердің неғұрлым жоғары деңгейде қалыптасуын ескере отырып, Ұлттық Банк 2022 жылы жылдық инфляцияның бұрын айтылған 13-15% болжамының жоғарғы шегінен де жоғары жеделдеуін күтеді. Жаңа бағалау келесі болжамды раунд аясында жүргізіледі", – деп хабарлады бас банк. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу