Жылдық инфляция 6,8% құрап, жалпы ішкі өнім 0,2% төмендеді

938

Импорт 7,1 млрд долларға азайды. 

Жылдық инфляция 6,8% құрап,  жалпы ішкі өнім 0,2% төмендеді Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің мәлімдеуінше, қаңтар-сәуір айларында тауар өндірісі 5,8% өскенмен, қызмет көрсету көрсеткіші 4% қысқарды. Салдарынан жалпы ішкі өнім 0,2% төмендеді.  

"Жылдық инфляция 6,8% құрады. Өндіріс секторындағы өсу өңдеу өнеркәсібінің - 7%, кен өндірудің - 6, құрылыстың - 5,5, ауыл шаруашылығының 2,2% ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Ал қызмет көрсету секторында көлік қызметі - 11%, сауда - 8,9, әкімшілік қызмет көрсету - 4 және жылжымайтын мүлік арқылы жасалатын операциялар - 2,7% төмендеді", – деді министр үкімет отырысында. 

Оның сөзінше, 2020 жылғы сәуір мен 2019 жылғы сәуірде көрсетілген қызметтердің көрсеткішінде 17,5% айырмашылық болған. Сауда және көлік үштен бірге, әкімшілік қызмет көрсету - 22,5%, жылжымайтын мүлік бойынша жасалатын операциялар - 9,9%  төмендеген. Бұған карантин кезіндегі түрлі шектеу себеп болған. 

"Қаңтар, наурыз айларында сыртқы сауда айналымы 21 млрд долларды құрады. Экспорт 4,2% ұлғайып, 13,9 млрд долларға жетті. Бұл ретте импорт 7,1 млрд долларға дейін төмендеді. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 9% артты", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу