Жылу бағасы өседі

862

Жылу бағасы өседі

Қостанай облысында жылу компаниясының басшылығы жылу бағасының өсетінін айтты. Олар қымбаттау себебін газ бағасының өсуімен түсіндірді, деп хабарлайды kostanaytany.kz. 

"1 қазаннан бастап жылу бағасы өседі. Тариф өсімі – 4,4%. Оның ішінде, тұрғындар үшін 4 пайызға артады. Өтпелі кезеңде біздің кәсіпорын шығынға ұшырады. Газ тарифінің өсуі кезінен бастап, біздің тарифті арттырғанымызға дейін аралықта 14 млн теңге жоғалтамыз", — деді жылу компаниясының директоры Асқар Бекпағанбетов.
Айта кету керек, осы күзде-ақ коммуналдық қызмет көрсетуге арналған арнайы орталық ашылуы мүмкін. Ол бір терезе принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл жобаға барлық коммуналдық компаниялар мен қала билігі ықтиярлық танытып отыр. Орталық әл-Фараби көшесі бойында, бұрынғы АХАЖ ғимаратында орналастырылады деп күтіледі. Оның артықшылығы – қызмет үшін қосымша комиссия ұсталмайтын болады. Мұның сыртында, коммуналшылар бірегей түбіртекке көшуді пысықтауда. Әзірге ол туралы нақты мағлұмат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу