Жылу орталығының қарызы қайтарылады

1122

 Жылу орталығының қарызы қайтарылады

Шымкент қаласының әкімдігі жылу орталығының қарызын қайтару үшін 20 пайыз акциясын сататын болды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылығы мәлімдеді.

Қазір "3-ші Энергоорталықтың" газ тасымалдаушы мекеме алдындағы берешегі 1 млрд 800 млн теңгеден асып кеткен. Салдарынан көктемде "ҚазТрансГазАймақ" қарызды қайтармағаны үшін ірі өндіріс орнын көгілдір отыннан ажыратып тастаған болатын. Осылайша орталық ыстық су мен электр қуатын өндіру мүмкіндігінен айырылды. Кейіннен бұл мәселеге шаһар басшылығы араласып, үш жақты келісім негізінде жылу тасымалдаушы мекеме қарызының 805 миллион теңгесін қайтарған еді.

Ал, қарыздардың көбейіп кету себебін мамандар жылу үшін тұтынушылардан ақы алатын "Қуат жылу орталығы-3" мемлекеттік мекемесінің уақтылы ақша жинамауынан болды деп түсіндіреді. Қазір шымкенттіктердің жылу үшін берешегі 154 миллионға жеткен. Яғни, делдал мекеме 20 қыркүйекке дейін 1 млрд 540 миллион теңгені өтесе, орталық газдың алдындағы қарыздан құтылады. Сонда стансаның жұмысы қалыпты жағдайға түседі,- дейді сала мамандары.

Нұрлан Бектұрсынов, Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы: "Қазір мемлекетке тиесілі 20 пайыз акциясын сатып, осы қарызды жабайын деп отырмыз. Алда ондай мәселе кездеспейді деп отырмыз. Өйткені, ресми түрде тарифтер белгіленіп қойылды".

Қазір қаладағы 1811 көпқабатты үй мен 352 мемлекеттік мекеменің басым бөлігі жылу қабылдауға дайын. Ал қалған үйлер мен жылу жүйелерін алмастыру мен магистральды жаңғырту жұмыстары маусымға дейін толық бітеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ жылу өндірушімекеме қаржылық қиындықтарға қарамастан үш қазандық пен екі турбинаға қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп қойыпты. Оған газ берілсе, қазандықтар іске қосыла бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу