Жылуды жазда көтеру керек деген қағида бар – Серік Жұманғарин

825

Үкімет инфрақұрылымды қайта жаңғырту қажет деп отыр.

Жылуды жазда көтеру керек деген қағида бар – Серік Жұманғарин Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында тарифтердің өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Тарифтер 1 сәуірден кейін қымбаттап кетпей ме?" деп сұрады.

"Тарифтердің ең үлкен әсері осы жылы өтті деп есептеймін. (...) Біз теміржол тарифін 24%-ға, газ бағасын 33%-ға көтердік. Жылу тарифтерінің, электр қуаты бағасының көтерілуіне әсер ететін газ ғой. Біз келесі жылдың сәуірінен бәрін бірден енгіземіз деп отырған жоқпыз. Уақыт бойынша шамалы бір арақашықтықты сақтау береміз. Жылуды жазда көтеру керек деген қағида бар", – деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, жылу тарифін жаз мезгілінде көтеру халыққа қысым жасамайды. 

Министр инфрақұрылымды қайта жаңғырту қажет екенін баса айтты.

"Бірақ оған қомақты қаржы керек. Қазіргі жағдай бұл қажеттілікті толықтай қамтамасыз ете алмай отыр", – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу