Жылуға бөлінген ақшаға Кипрден үй алмақ болған есепші ұсталды

553

"Бурабай Жылу" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттен 101 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақмола облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.    

Жылуға бөлінген ақшаға Кипрден үй алмақ болған есепші ұсталды Фото: Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Бұл - жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген қаржы. Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алады. Кейін оны АҚШ долларына ауыстырған. 76 миллион теңгені Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған.

Соттың шешімімен барлығы қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық көлемде өтелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу