Жылына 4 мыңға жуық қазақстандық өзіне қол салады

Елімізде әйелдерге қарағанда ерлер суицидке бейім келеді.

Жылына 4 мыңға жуық қазақстандық өзіне қол салады

"Қазақстан халық партиясы" фракциясының депутаттары Суицидті алдын алудың Ұлттық стратегиясын әзірлеуге шақырды.

Олар Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына осы мәселеге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл сайын елімізде 4 мыңға жуық адам суицидтен бақилық болады. Былтыр бұл көрсеткіш 3 951 адамды құрады.

"2012-2021 жылдар, яғни, он жылдағы статистика Қазақстанда суицид салдарынан күн сайын 8-11 адам қайтыс болатынын, ал 9-16-ға дейін өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенетінін көрсетеді. Елімізде "қасіретті көрсеткіш", әсіресе, 2013, 2015 және 2019 жылдар артты. 10 жылдағы деректерге сүйенсек, суицидке барған бес адамның төртеуі ер адам, біреуі әйел. Басқаша айтқанда, өз-өзіне қол жұмсағандардың 80%-ы ер адамдар. Соңғы үш жылда ерлердің үлесі өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің жалпы санынан 65%-ды құрады. Бұл ерлердің суицидтік ойларға әйелдерге қарағанда көбірек бейім екенін көрсетеді және соңғы үш жылда бұл тенденция әйелдерге қарағанда күшейе бастады", – деп атап өтті фракция депутаты Ерлан Смайылов.

Соңғы онжылда ерлер арасындағы суицид 3 045 оқиғаға дейін – 23%-ға өсті. Осы кезеңде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері 2971-ге дейін 77%-ға артты.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда ерлер арасында қайғылы оқиғалардың таралуы әйелдерге қарағанда үш еседен астам жоғары.

Ал жас топтары бойынша ақпарат құралдары жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу  фактілеріне көбірек көңіл бөлгеніне қарамастан, динамика төмендеп келеді. 15-24 жас аралығындағыларда 3%, 25-34 жас аралығындағыларда 10%-дан асады. Ерлан Смайылов мұны білім ордаларында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесі деп есептейді.

Статистикалық деректерге сүйенсек, суицидке көбіне орта – 45 пен 54 жас аралығындағы қазақстандықтар барады (20-24%). Сонымен қатар зейнеткерлер арасында бұл көрсеткіш артты.

"Сондықтан қоғамның осы тобына көңіл бөлінсе. Суицид жағдайларының үштен бірінің себебі анықталмайды. Материалдық жағдай, ауыр дерт пен жалғыздық өз-өзіне қол салудың негізгі себептері ретінде де зерттелуі керек. Осыған орай, "Қазақстан халықтық партиясы" фракциясының депутаттары жекелеген "жас" саясатынан бас тартып, барлық жастағы азаматтардың ел үшін  құндылығын айқындауы керек деп есептейді", – деді депутат.

Қорыта келе мәжілісмендер Үкімет келесі жайттарға назар аударуы қажет деп есептейді:

  1. Халықтың әл-ауқаты мен денсаулығының индикаторларына суицидтен болатын өлім-жітім көрсеткіштерін қосу;
  2. Қазақстандағы суицид санының өсуін және халықаралық тәжірибені ескере отырып, Суицидті алдын алудың Ұлттық стратегиясын әзірлеу мүмкіндігін қарастыру;
  3. Суицидтің себептерін жан-жақты зерттеу мен зерделеу;
  4. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) деңгейінде депрессияны және басқа да психикалық ауытқуларды анықтау.
Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться