Жылыой ауданында теңіз порты салынады

1421

Жылыой ауданында теңіз порты салынады

Кеме айлағын ТШО компаниясы теңіз кенішінде зауыттың 3-ші кезеңі басталуына байланысты салып жатыр. Айлақ, Батыс Прорва кен орнынан 5 шақырым жерде орналасқан. Әзірге порттың 90 пайызы – ТШО-ның, 10 пайызы "ТеңізСервис" ЖШС-нің үлесінде болады. Енді 6 жылда зауыт толық жаңартылған соң айлақ "ТеңізСервис" мекемесінің иелігіне қалып, облысқа қызмет етуі тиіс, деп  хабарлайды atpress.kz.

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасов Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. 

Сонымен қатар, ол: "Теңіз кен орнының 3-ші кеңею кезеңіне байланысты 20 мың адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Оған бірінші кезекте Жылыой ауданының жұмыссыз азаматтары тартылатын болады", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу