Жылыту маусымына кешеуілдеп жатқан өңірлер белгілі болды

439

Жалпы республикада жылу маусымы бойынша жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Жылыту маусымына кешеуілдеп жатқан өңірлер белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Кейбір өңірлер бойынша аздаған кешеуілдеу байқалуда. Бірақ жергілікті атқарушы органдар нысандарды жылу маусымына дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын көріп отырмыз. Министрлікпен жылу маусымының басталуы бойынша тиісті кесте бекітілді", - деді ол Еуразиялық KAZENERGY форумының баспасөз залында. 

Оның сөзінше, Риддер, Кентау, Қарағанды, Атырау бойынша жылу маусымына кешеуілдеу байқалып отыр.

"Алайда бұл жылу маусымының басталуына айтарлықтай әсер етпейді. Себебі бастапқы температураны ұстап тұру үшін қосылуға тиіс қазандықтар дайын, олар тексеруден өтіп жатыр", - деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін еліміздің бірқатар өңірінде жылу маусымы басталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу