Жылжымайтын мүлік нарығына валюта бағамы әсер етпейді

967

Мамандардың сөзінше, теңге әлсірей бастағанда баспана бағасы бар жоғы 1 пайызға ғана қымбаттаған.

 Жылжымайтын мүлік нарығына валюта бағамы әсер етпейді

Жылжымайтын мүлік нарығы валюталар бағамына қарай өзгеріп жатқан жоқ. Мұндай мәлімдемені Крыша кз сарапшылары жасады, деп хабарлайды Atameken TV.

Мамандардың сөзінше теңге әлсірей бастағанда баспана бағасы бар жоғы 1 пайызға ғана қымбаттаған. Ал осы уақытқа дейін төл валюта 9 пайызға әлсіреп кетті.

Айта кету керек, бұл нарыққа  валюта бағамы айтарлықтай әсер етпейді. Ал 2016 жылдан бастап аталған сегментте доллармен алып сату тоқтатылғандықтан, шет ел ақшасының шарықтай түсуі тіпті маңызды емес дейді мамандар.

Тұрғын үй бағасының құбылуына бірінші кезекте маусымдық кезеңдер ғана себеп. Мәселен алғашқы жартыжылдықта Петропавл, Семей және Астана да үй бағасы 4-5 пайызға қымбаттаған. Ал еліміз бойынша ең арзан пәтер Тараз және Ақтөбе қалаларында. Мұндағы 1 шаршы метр жердің орташа құны 153 мың теңге. Ал Алматыдағы 1 шаршы метрі пәтердің маусым айындағы орташа құны 341 мың теңге, Астанада 325 мың теңгеге тең болған. 

"Тұрғын үй нарығын қатты құбылатын жүйе емес. Ондағы бағалардың өзгеруіне мұндай жағдайлар әсер етпейді. Яғни доллардың құны көтерлісін, көтерлімесін үй бағасы қымбаттамайды. Баспана бағасы 1 пайыз шамасында қымбаттағанын көруге болады. Бірақ ол маусымдық кезең есебінен", - дейді Krisha.kz компаниясының сарапшысы Алина Буравцева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу