Жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кіріс артты

755

Елімізде жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кіріс бір жылда 320 млрд теңгеден астам сомаға өсті, деп жазады inbusiness.kz DataHub-қа сілтеме жасап.

Жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кіріс артты Фото: Nalogikz.kz

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2022 жылы жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару саласында көрсетілген қызметтер көлемі (экономиканың бақыланбайтын секторының көлемін есепке алмағанда) 1 трлн 242,9 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда шамамен 35%-ға көп.

Бір қызығы оның 2020 жылғы деңгейден айтарлықтай айырмашылығы жоқ (1 трлн 219,1 млрд теңге).

Ресурстың жазуынша, жылжымайтын мүлікті жалға беруге пәтерлер ғана емес, қоймалар, сауда алаңдары, кеңселер және т.б. кіреді. Сондықтан негізгі табысты кәсіпорындардың қамтамасыз еткені таңқаларлық жайт емес (1 трлн 121,1 млрд теңге). Қалған 121,6 млрд теңге халықтан түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу