"Жыныстық қатынас өзара келісіммен болған": 16 жастағы жүкті қызға қатысты шындық әшкереленді

Полиция бірқатар тексеруден кейін "процессуалдық шешім қабылдауға негіз жоқ" деп тапқан.  

"Жыныстық қатынас өзара келісіммен болған": 16 жастағы жүкті қызға қатысты шындық әшкереленді Фото: freepik

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбе ауруханасында ем алған 17 жастағы тұрғын көмек сұраған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол жасөспірім шағында сексуалдық зорлыққа ұшырағанын айтқан. Қазір жүктілікті тоқтатып, отадан кейін оңалу үшін дәрі ала алмағанын, сондықтан да көмекке мұқтаждығын жеткізген. Бұл қоғамда белгілі бір деңгейде резонанс тудырды. 

Аталған оқиғаға қатысты полиция істің мән-жайын түсіндіріп өтті. 

– Полиция аталған дерек бойынша тексеріс жүргізді. 2024 жылы медициналық тексеру кезінде кәмелетке толмаған қыздың жүкті екені анықталған. Анасы мен қызы құқық қорғау органдарына арыз беруден бас тартқан. Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысы бар барлық тұлғамен полиция қызметкерлері сөйлесті. Жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынас өзара келісіммен болған. Анасы мен қызының сөзіне сүйенсек, қыздың 12-13 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат расталған жоқ. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде процессуалдық шешім қабылдауға негіз анықталмады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыздың учаскелік дәрігердің бақылауында екенін нақтылады. Әрі денсаулық жағдайына қатысты кейбір мәліметтерді жариялауға болмайтынын ескертті. 
Ақтөбе облыстық бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Айгүл Нұркеева отбасымен кездескен.Оның сөзінше, бұл отбасы осыған дейін көмек сұрамапты. 

– Тұрмыс жағдайымен таныстым, қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Анықталғандай, анасы ата-ана құқығынан айырылмаған және шектелмеген. Жағдай – бақылауымда, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу