"Жыныстық құлдықта болған қызылордалық оқушы": "Клиенттерге" қатысты іс бөлек қаралуда

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.     

"Жыныстық құлдықта болған қызылордалық оқушы": "Клиенттерге" қатысты іс бөлек қаралуда Фото: depositphotos.com

Ол БАҚ өкілдеріне Қызылордадағы мектеп оқушысының жыныстық құлдыққа түсуі туралы істің тергеу барысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Санжар Әділовтың сөзінше, жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскен тұлғаларға қатысты іс материалдары бөлек өндіріске бөлінген. Бүгінде тергеу әрекеттері жалғасуда.

– Зорлық-зомбылық құрбаны бойынша тергеу, бірқатар бап бойынша аяқталды. Кінәлі тұлғалар сотталды. Сот шешіміне түсініктеме беруге құқығым жоқ. Олардан жауап алып ғана қоймай, өзге де тергеу амалдарын жүргізу қажет, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деп нақтылай түсті Санжар Әділов.

Ол сонымен қатар полиция жәбірленушімен байланыста екенін, нақты есімдерді жариялау-жарияламауды жәбірленушінің өзі шешуге құқылы екенін жеткізді.

Министрдің орынбасары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына басшылыққа ала отырып, бұл бап соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейтінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу