Жюппе Франциядағы сайлауға түсуден бас тартты

755

Жюппе Франциядағы сайлауға түсуден бас тартты

Бордо қаласының мэрі Ален Жюппе "Респуликалықтар" партиясы атынан президент сайлауына түсуден бас тартты. Ол бұл туралы шұғыл түрде шақыртылған жиында айтты.

"Партияның ауызбіршілігін сақтау бүгінде осыдан бірнеше ай бұрынғыдан де күрделі. Қазір менің кандидатурамды ұсынудың өзі тым кеш. Мен бұл сайлауда кандидат болмайтынымды үзілді-кесілді айтып тұрмын". – деп мәлімдеді Жюппе.Осылайша Жюппе бас тартқан соң "Республикалықтар" атынан жалғыз кандидат Фийон болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу