ЖЖМ жақын күндері тұрақты жеткізіле бастайды

1693

ЖЖМ жақын күндері тұрақты жеткізіле бастайды

Еліміздің энергетика министрлігі Қазақстанның жанар-жағармай материалдары нарығында тапшылық пен дүрлігуге еш негіз жоқ деп санайды.

"ЖЖМ нарығында тапшылық пен дүрлігуге еш негіз жоқ. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша  бензин қоры 100 мың тонна, дизель отыны  180 мың тоннаны құрайды.  ЖЖМ өндірісін еліміздің үш МӨЗ арттырып жатыр", – делінеді хабарламада.

Энергетика министрлігі Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу 9 қарашада мерзімінен бұрын аяқталғанын атап өтті.

"Үстіміздегі жылдың қыркүйек-қазанында дизель отынымен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты "ПетроКазахстан Ойл Продактс"-ті (Шымкент МӨЗ-і) күрделі жөндеуден өткізу кейінге қалдырылды.  Атмосфералық ауа температурасының төмендеуінен зауыттың жоспарлы жұмыс режиміне көшуі әлі де жалғасып жатыр. Осының  салдарынан  еліміздің оңтүстігінде, оның ішінде Алматы және Алматы облысында ЖЖМ жеткізуде іркіліс пайда болды. Қазір жағдай түзеліп келеді, жақын күндері тұрақты жеткізу қалыпқа келтіріледі", – деп айтылған баспасөз баянында.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу