Зілзала аймағында 60 күн ішінде аурухана салынып қолданысқа берілді

832

Президент Ердоған Түркияның Хатай қаласындағы Дефне мемлекеттік ауруханасының ашылу рәсіміне қатысты. 

Зілзала аймағында 60 күн ішінде аурухана салынып қолданысқа берілді Фото: Anadolu Agency

24-наурызда құрылысы басталған аталмыш аурухана 60 күн ішінде тұрғындардың қолданысына берілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

6 ақпандағы зілзала Хатай қаласын жермен-жексен етті. Алты мыңға жуық ғимарат қирады. 24 наурызда Дефне ауданында мемлекеттік аурухананың іргетасы басталды. Жұмысшы тобы күн-түн демей 24 сағат жұмыс істеді. Нәтижесінде ғимараттың құрылыс жұмыстары 60 күннің ішінде толық аяқталып, тұрғындардың қолданысына берілді. Күні кеше президент Режеп Тайып Ердоған, Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа және лауазымды тұлғалардың қатысуымен аталмыш аурухана ашылды.

Дефне мемлекеттік ауруханасында 51 реанимациялық төсек, 41 бақылау төсегі мен 11 операциялық бөлме, диализ, эндоскопия, колоноскопия, МРТ, томография, УДЗ және стоматологиялық емхана бар. Жалпы 300 науқасты қабылдауға арналған. Мұнда мыңнан астам денсаулық сақтау қызметкері жұмыс істейді.

Аурухана техникалық инфрақұрылым көмегімен барлық бөлмесін реанимация бөлмесіне айналдыру мүмкіндігін қарастыра отырып салынған.

Бүгінде аурухана науқастарды қабылдауды бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу