Зілзаладан аман қалған бала ойыншық сыйлаған полицияға алғыс айтты

991

Полиция қызметкерлері Малатьяда тігілген шатырларды аралап, жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға ойыншықтар таратты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Зілзаладан аман қалған бала ойыншық сыйлаған полицияға алғыс айтты Фото: Google

Зілзаланың зардаптарын азайту мақсатында аймақ халқымен бірге болған полиция жасақтары шатырды паналап жүрген тұрғындармен кездесті. Олар мұнда балалармен әңгімелесіп, бірге ойын ойнады. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндерді қуанту үшін ойыншық сыйлады. Балалар қатты қуанғандары соншалық оларды құшақтап, алғыстарын білдірді.

Зілзаладан зардап шеккендер қазір шатырларда тұрып жатыр. Полиция қызметкерлері қаладағы тәртіпті сақтау, іздеу-құтқару, эвакуациялау және көмек көрсету, тіршілікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы қызметтеріне дейінгі барлық салаларда сенім мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу