"Зорлаймын": Ақтау қаласында бойжеткенге шабуылдаған ер адам ұсталды

523

Оқиға тапа-тал түсте теңіз жағалауында болған.  

"Зорлаймын": Ақтау қаласында бойжеткенге шабуылдаған ер адам ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Ақтауда бойжеткенге күш көрсетіп, "зорлаймын" деп қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған бейнероликте бойжеткенді ер адамның күштеп ұстап тұрғанын байқауға болады. Жанжал кезінде ер адам тіпті зорлауға дейін баратынын айтып қорқытқан.

Бойжеткенге сол маңнан өтіп бара жатқандар көмектескен. Одан әрі жол бойымен қашқан бойжеткенді ер адам тағы қуып барған. Көлік жүргізушілерінің бірі қызды автокөлігіне отырғызып, қауіпсіз жерге алып кетті.

Ақтаулық тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, "кім екенін анықтадық" деп отыр.

"Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық азаматты анықтап, ұстады. Олар Ақтау қаласы полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – дейді Маңғыстау облысы ПД ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу