Зорлықпен өлтірілген: Рудныйда пәтерден 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды

120

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

Зорлықпен өлтірілген: Рудныйда пәтерден 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды Фото: polisia.kz

Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген 56 жастағы ер адамның денесі табылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу