Зульфия Чиншанло әлем кубогінде екінші болды

489

Аталған әлем кубогі онлайн өткен алғашқы жарыс болып саналады.

Зульфия Чиншанло әлем кубогінде екінші болды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының өкілі Зульфия Чиншанло әлем кубогінде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған әлем кубогі онлайн өткен алғашқы жарыс болып саналады.

Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігіне 29 жыл толуына орай ұйымдастырылған додада Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.  Нәтижесінде 200 (85+115) келіні көтеріп, екінші болды.

Мауаттар Набиева (Өзбекстан) 205 (95+110) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал польшалық Йонна Лочовская 185 (80+105) келіні көтеріп, үздік үштікті қорытындылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу