"Зыряновск" атауын өзгертуге қанша қаражат қарастырылған

1348

ШҚО-дағы Зыряновск қаласы мен ауданы 3 қаңтардан бастап ресми түрде Алтай атала бастады.

"Зыряновск" атауын өзгертуге қанша қаражат қарастырылған

ШҚО Зыряновск қаласы мен Зыряновск ауданының атауын өзгертуге қанша қаражат кететіні белгілі болды, деп хабарлайды КТК.

3 қаңтардан бастап бұл жер ресми түрде Алтай аталуда.

Алдын ала есептеуге сүйенсек, атауды өзгертуге 3 млн 600 мың теңге жұмсалмақ. 

Әр жергілікті мемлекеттік органға орташа есеппен 40 мың теңге қажет. Шенеуніктердің айтуынша, қаражат мекеменің бюджетінде қарастырылған.

Лицензиялық өнім, оның ішінде алкогольдік өнім өндіретін кәсіпкерлерге біраз қаражат жұмсау керек болады. 
Бұл ретте "Зыряновск" сөзі бар жеке кәсіпорын атауын өзгерту міндетті емес. Ал мекенжай базасы автоматты түрде жаңарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу