1 қыркүйекте алғашқы қоңырау барлық оқушы үшін соғылмайтын болды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтып отыр.  

1 қыркүйекте алғашқы қоңырау барлық оқушы үшін соғылмайтын болды Фото: Ертай Сарбасов

Мұндай шешім педагогикалық кеңесте қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, министр сабақтың екінші қыркүйек күні басталатынын алға тартады. 

Осы жылы 2025 жылдың бірінші қыркүйегі дүйсенбі күніне тура келіп тұр. Дегенімен, Конституция күніне байланысты ел тұрғындары 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күні қатарынан үш күн демалмақ. 

Үкіметтегі брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек күні 1-сынып оқушылары үшін ғана алғашқы қоңырау соғылатынын мәлімдеді. 

Оның сөзінше, кейбір жылдары бірінші қыркүйек демалыс күніне түсіп қалады. Сондай кезде еліміздің педагогикалық кеңесі жиналып, бір ауыздан шешім қабылдайды.

– Педагогикалық кеңесте " ресми түрде екінші қыркүйектен басталады" деген шешім қабылданып отыр. Бірақ, бірінші сыныпқа қатысты символдық сәт болғандықтан, бірінші сынып оқушылары үшін 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғуға рұқсат бердік, – деді Ғ.Бейсембаев.

Демек, 1 қыркүйектегі сабақ тек бірінші сынып үшін өткізіледі. Ресми оқу жылы 2 қыркүйектен басталмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу