13 жылдан кейін өскемендік "Алтай" премьер-лигаға қайта оралды

229

Бүгін Өскеменде футбол мерекесі. 

13 жылдан кейін өскемендік "Алтай" премьер-лигаға қайта оралды

2025 жылғы Бірінші лиганың соңғы, 26-туры аясында Өскеменде жергілікті "Алтай" командасы "Оңтүстік Академиясын" қабылдады. 

Премьер-лигаға жолдама алу үшін алаң иелеріне жеңіс немесе кем дегенде тең нәтиже қажет еді. Ойынның сегізінші минутында Сэйф Попов есепті ашып, "Алтай" командасын алға шығарды. Екінші таймның басында Артём Тетерин командасының басымдығын арттырды. Кейін Гаврил Кан мен Ибрагим Дадаев қос бірдей гол соғып, есепті ірі айырмашылыққа жеткізді. Қонақтар сапынан Біржан Тоқтыбай бір голмен ғана жауап берді. Қорытынды есеп — 4:1, "Алтайдың" жеңісі.

Осы нәтижеден кейін өскемендік клуб Бірінші лиганы 55 ұпаймен үшінші орында аяқтап, келесі маусымда Премьер-лигада ойнау құқығын жеңіп алды.

Бұған дейін 2026 жылғы ҚПЛ-ға Бірінші лига құрамынан ақтаулық "Каспий" мен павлодарлық "Ертіс" те жолдама алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу