1300-ге жуық көше мен даңғылға Абай Құнанбайұлының есімі берілген

1153

Өткен жылы үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып бекітілді.  

1300-ге жуық көше мен даңғылға Абай Құнанбайұлының есімі берілген

Нәтижесінде күнтізбеде айтулы дата пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Естеріңізге салайық, былтыр елімізде және әлемнің түкпір-түкпірінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтті. Бұл шараға дайындық 2019 жылы басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен мерейтойға қатысты республикалық жоспар бекітілді. Пандемиямаға байланысты жоспарға түзету енгізілді. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы той тойлау үшін емес, ой толғау үшін өткізілетінін мәлімдеді

Мерейтой қарсаңында Abai арнасы ашылды. Президенттің қатысуымен Абай өлеңдерін оқудан онлайн челлендж өтті. "Абай-Аманат" атты онлайн концерт-спектакль сахналанды. "Абай мұрасы" республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, "Тәуелсіздік толғауы", "Елім менің"," "Ұлы дала" республикалық конкурстары, "Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы" атты әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалі ұйымдастырылды. Абай шығармалары француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс, италия тілдеріне аударылып басылды.

ТҮРКСОЙ шеңберінде 2020 жыл "Абай жылы" деп бекітілді. Қазақстанның ұлттық банкі "ABAI. 175 JYL" деген атпен коллекциялық монета шығарды, ал "Қазпошта" "Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл" деген пошта маркасын айналымға енгізді. 

Қазақстан Республикасының Бельгия, Сингапур, Эфиопия, Болгария елшіліктері мен Чехияның "Клементинум" ұлттық кітапханасы жанынан "Абай" орталығы, Моңғолиядағы елшілік жанынан Абай бұрышы ашылды.  Тбилиси көшелерінің біріне Абай Құнанбайұлының есімі берілді. 

Түркияда ақынның құрметіне саябақ ашылып, ескерткіш тақта орнатылды. Абу-Даби қаласында "Абай" мәдени-ақпараттық орталығы қолданысқа берілді. АҚШ-та "Абай виртуалды орталығы" қызметіне кірісті. 

Бүгінгі таңда ел аумағында Абай Құнанбайұлының 50-ден аса ескерткіші мен бюсті бар. 31 елдімекенге, 1300-ге жуық көше мен даңғылға,100-ден аса мектепке Абай Құнанбайұлының есімі берілген. 

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться