15 жастағы қазақ футболшысы "Барселона" клубымен келісімшартқа отырды

159

Жас вингер қуанышты жаңалығын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.  

15 жастағы қазақ футболшысы "Барселона" клубымен келісімшартқа отырды Фото: Inbusiness.kz коллажы

Қазақстандық 15 жастағы футболшы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі "Барселона" клубымен ресми келісімшартқа қол қойды. Осылайша, ол каталониялық клубпен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық атанып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кәрім Меңдіқанов келісімшартқа қол қою рәсімінен түскен фотосуреттерін жанкүйерлеріне көрсетті. Меңдіқанов енді әйгілі "Ла Масия" академиясында өнер көрсетеді.

"Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа отырғанымды мақтан тұтамын", – деп жазды футболшы.

Кәрім Меңдіқанов – Оралдың тумасы. Ол 2022 жылы Испанияға қоныс аударып, футболдағы жолын Каталонияда бастады. Бұған дейін Испанияның "Сан-Кугат" клубының академиясында доп теуіп, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының намысын қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу