16 жасар Асан Асылхан жасөспірімдер арасында әлем чемпион атанды

79

Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы фристайлдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде.

16 жасар Асан Асылхан жасөспірімдер арасында әлем чемпион атанды Фото: olympic.kz

Жасөспірімдер арасындағы фристайлдан әлем чемпионатында фристайл-акробатика дисциплинасында ел намысын қорғаған Асан Асылхан чемпион атанды. Ол жекелей сында жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, финалда 103.35 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлде тағы бір қазақстандық спортшы Дінмұхаммед Райымқұлов еншісіне бұйырды оның нәтижесі 92.82 ұпай. Ал қола жүлдені Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) жеңіп алды.

Сонымен қатар, чемпионаттың алғашқы күні жекелей могул бағдарламасы бойынша да жеңімпаздар анықталды. Бұл сында Қазақстан құрамасынан Юлия Феклистова үздік нәтиже көрсетіп, 11-орынға тұрақтады.

Қалған отандастарымыз да жарыс жолына шықты: Юлия Мокина 30-орын, Валерия Воловикова 33-орын иеленді.

Ерлер арасында Денис Раструба 29-орынға тұрақтаса, Ильнар Ибрагимов 32-орын, Алексей Дегтярев 34-орын, Даниил Коротков 35-орын, ал Дмитрий Пятаков 48-орынды місе тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу