Томирис Нұржан үшін бұл ITF Juniors J60 сериясында мансабындағы алғашқы титул. Финалда ол ресейлік Варвара Виноградованы 5:3, 4:2, 12:10 есебімен жеңді. Кездесу тартысты өтіп, шешуші сәтте отандасымыз табандылық танытты.
Айта кетейік, турнир ауа райының қолайсыздығына байланысты қиын жағдайда өтті. Үздіксіз жауған жаңбыр матчтардың кестесіне бірнеше рет өзгеріс енгізді.
Сонымен қатар, елде корольдік отбасы мүшесінің қайтыс болуына байланысты жарияланған қаралы күнге байланысты ұйымдастырушылар финалдық ойындарды қысқартылған сеттер форматында өткізу туралы шешім қабылдаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу