17 жастағы Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ересектер арасында АТР рейтингіне енді

166

Заңғар АТР-дың жекелей рейтингіне енген 47-қазақстандық теннисші атанды. 

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ересектер арасында АТР рейтингіне енді

Жас қазақстандық теннисші ересектер арасындағы алғашқы матчында жеңіске жетіп, АТР рейтингіне енді. Заңғар Мысырда өтіп жатқан ересектерге арналған ITF сериясындағы халықаралық турнирге қатысып, алғашқы кездесуінде 18 жастағы беларусь теннисшісі Руслан Кацукевичті 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Нәтижесінде Нұрланұлы кәсіби теннистегі алғашқы рейтингілік ұпайларына ие болды. Бұған дейін спортшы тек жасөспірімдер санатында сынға түсіп келген.

Айта кетейік, 2025 жылы Заңғар US Open жасөспірімдер турнирінің жекелей сынында жартылай финалға дейін жетіп, халықаралық деңгейде жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу