Бұл команда Ла Лиганың "Райо Вальекано" клубының қосалқы құрамы саналады. Келісімнің толық шарттары әзірге жарияланған жоқ.
Аллахвердиев бұған дейін қазақстандық "Жеңіс" және "Оқжетпес" клубтарының сапында өнер көрсетіп, жалпы 56 матчта 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
2025 жылдың басында жас футболшы Бельгияның "Гент" клубында қаралымнан өткен, алайда келісім жүзеге аспаған еді. Енді ол Испания чемпионатының жүйесінде өзін көрсетуге жаңа мүмкіндік алып отыр.
"Райо Вальекано B" жас ойыншыларға сенім артатын командалардың бірі саналады. Сондықтан Аллахвердиев үшін бұл ауысым мансабындағы маңызды қадам болуы ықтимал. Егер ол жаңа ортаға тез бейімделіп, өзін жақсы қырынан көрсетсе, алдағы уақытта Ла Лиганың негізгі құрамында дебют жасауға және Мадрид клубында орнығуға жол ашылмақ.