2,2 млрд теңгеге тегін қоғамдық көлік

6400

Астана қаласы әкімдігі комиссия отырысында автопарктерге жеңілдігі бар азаматтар санаты үшін айтарлықтай үлкен қосымша төлем жасау мәселесін көтермек.

2,2 млрд теңгеге тегін қоғамдық көлік Фото: tengrinews.kz

Жақында әкімдік жанындағы комиссия отырысында жеңілдігі бар азаматтар санаты үшін субсидияны ұлғайту мәселесі талқыланатын болады. Бұл туралы abctv.kz-ке "Астана ЛРТ" басқармасының төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті.

"Жеңілдігі бар азаматтар санаты үшін жыл сайын 1,2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінетінін есептедік. Электронды төлем жүйесіне көшкеннен бері жеңілдігі бар барлық азаматтар санаты арнайы карталарға ие болды. Осының нәтижесінде жеңілдікке ие болатын азаматтарға арналған қаражатты өтеу үшін 2,2 млрд теңгедей жетпей отырғанын байқадық", – деді "Астана ЛРТ" басшысы.

Басқарма төрағасының айтуынша, жеңілдігі бар азаматтар санатының жолақасына берілген қаражатты Алматыда жасалып жатқандай факті бойынша орнын толтыру керек. Бұрын Алматыда есептеу нақты бір әдіс бойынша жасалған, алайда нақты мәліметтер болған жоқ. Жалпы қазіргі уақытта жеңілдігі бар жолаушылардың орташа ағыны күніне 76,5 мың сапарды құрайды немесе қаладағы әрбір оныншы сапар тегін деуге болады.

Бұл ретте "Астана ЛРТ" төрағасы 2018 жылы жолаушылар тасымалына жалпы қанша субсидия төленгенін дөп басып айта алмады. Еске салар болсақ, бұған дейін Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әлихан Қуатбеков мәлім еткендей, 1 қыркүйекке дейін субсидиялау көлемі 2,4 млрд теңге болған, жыл соңына дейін субсидиялау көлемі үш миллиард теңгеге дейін өседі. Келесі жылы бөлінетін қаражат осы есептеуден алынады, яғни 15 млрд теңгеге жуық болады.

Бұған дейін белгілі болғандай, Астана қаласының 2019 жылға бекітілген бюджетінде көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына 52,2 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде жыл сайын автобустар үшін ЕҚДБ және Commerzbank-тің алдындағы қарызды өтеу бар. Бұл қарыз жергілікті бюджет есебінен төленіп жатыр. Алдағы жылы бұл мақсатқа 12,2 млрд теңге қарастырылып отыр. Автобус парктеріне қаражатты субсидиялауға 2 млрд теңге бөлінеді, ал ЛРТ жобасын ортақ қаржыландыруды қамтамасыз етуге қазақстандық тараптан республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 605 млн теңге қарастырылып отыр.

"Астана ЛРТ" мәліметі бойынша, осы электронды төлемнің арқасында көлеңкеден шамамен 30% кірісті шығару мүмкін болған, бұл айына шамамен 300 млн теңге.

"Бұл субсидияны азайтуға әсер ететіні сөзсіз. Тасымалдаушылардың таза кірісін көргеннен кейін шығыстың қайда кететіні түсінікті. Кіріс пен шығыстың арасындағы айырмашылық жүз пайыз түсінікті, бұл субсидияны іске асыруда үлкен рөлі атқарады", – деді "Астана ЛРТ" басшысы.

Осы арада Игенбердинов айтып кеткендей, субсидиялдау тетігі әлі толық анықталмағанын айту керек.

Сондай-ақ көлік холдингіндегілер Астанадағы автобустардың жолаушылары жыл сайын 80 мыңға дейін тегін ауысып отыратынын, ал бұл шамамен 8 млн теңге немесе жалпы валидация санынан 14% болатынын айтты. Аталған қаражат автобус парктеріне қайтарылмайды деп отыр Астана ЛРТ. Жалпы Астанада бір жұмыс күнінде 712 мыңға жуық сапар жасалады, ал демалыс күндері шамамен 470 мыңға жетеді. Ең көп жолаушылар ағыны 759 мың сапар деңгейінде болған.

Елордадағы қоғамдық көліктің бағдарлы желісі 85 бағдардан тұрады, оның ішінде 60- қалалық, 7- экспресс, 18 қала маңы бағдары бар. Жыл сайын осы бағыттарға 850 автобус жүреді, оның ішінде 738 автобус қалалық бағдарға, 47 автобус экспресс-бағдарға, 65 автобус қала маңы бағытына қызмет көрсетеді. Астана қаласының қоғамдық көлік жүйесіне сегіз автобус паркі қызмет көрсетеді, олардың ішінде бір коммуналдық және жеті жекеменшік автобус паркі бар.

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу