Осылайша, табиғи бөгеттің бұзылуы непалдықтарды әбден әбігерге салып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәліметке сай, 5 адам хабар-ошарсыз кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.
Оқиға ел астанасы Катмандудан 60 шақырым жерде, Чумнубри ауылында болған. Жергілікті билік тау жыныстарының опырылуы салдарынан Будхи-Гандаки өзенінің арнасы бітеліп қалғанын хабарлаған. Жиналған су қысымы күшейіп, табиғи бөгетті бұзып өткен. Бар болғаны екі сағатта өзеннің бір бөлігіндегі су деңгейі 2 метрден 8,5 метрге дейін көтеріліп кеткен.
Әскерилер мен полиция тұрғындарды қауіпті аймақтардан тікұшақпен эвакуациялап жатыр. Қазірдің өзінде әуе арқылы шамамен 50 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық агенттік өзеннің төменгі ағысындағы аудандар үшін қызыл дабыл жариялап отыр.
Тамыз айының соңына таман Непалда су тасқыны тіркеліп, көптеген адам қайтыс болған еді.