Бұл туралы Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"23 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия 74-інші актіге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл өзгерістер автокөліктерді Қазақстан аумағына әкелу тәртібін айқындайды. Оған сәйкес, енді жеке тұлғалар арнайы техниканы елге әкеле алмайды. Мұндай көліктерді заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ғана Қазақстанға әкеле алады. Бұл үшін олар Қазақстан мен ЕАЭО аумағында қолданылатын қауіпсіздік сертификатын алуы тиіс. Жеке тұлғалар 20 қазаннан кейін бұрын пайдаланылған көліктерді елге әкеле алмайды", – деп түсіндірді комитет өкілі.
Мұхамед Андаковтың сөзінше, бұл шектеу арнайы техника мен автобустарға ғана қатысты болмақ.