Оңтүстік Кореяға келетін шетелдік туристердің саны биыл алғаш рет 20 миллионнан асқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оңтүстік Кореяның мәдениет, спорт және туризм министрінің екінші орынбасары Ким Дэ Хён Сеулдің негізгі қақпасы – Инчхон халықаралық әуежайына барып, 20 миллионыншы шетелдік туристі қарсы алған.
Оңтүстік Кореяға 2012 жылы 10 миллион шетелдік турист келген еді. Сол көрсеткішті екі есеге арттыру үшін елге 14 жыл қажет болып отыр.
Келушілердің рекордтық саны бірнеше факторға байланысты. Дегенімен, Оңтүстік Корея поп-мәдениетінің жаһандық деңгейде танымал болуы және елдің шетелдік туристерге деген қонақжайлылығы басты себеп болып отыр.
Елдің мәдениет, спорт және туризм министрі Чэ Хви Ён бұл жетістік Оңтүстік Кореяның "негізгі туризм державасына" айналу жолындағы "бастапқы қадамы" болатынын мәлімдеді.