2018 жылы банк секторының пайдасы 638,4 млрд теңгеге дейін жетті

4327

Дилингтік операциялар мен комиссиялардан түскен таза түсім өскенде, пайыздық кірістер төмендейді.

2018 жылы банк секторының пайдасы 638,4 млрд теңгеге дейін жетті

Былтырғы жылы қазақстандық банктердің таза табысы бір жыл бұрынғы 18,7 млрд теңге шығынға қарағанда, рекордтық 638,4 млрд теңгеге жетті. Ұлттық банктің 22 қаңтар күнгі жариялаған секторлық табыстың жинақ есебінде осындай қорытынды жасалған.

Банктердің табыс салығын төлегеннен кейінгі шығыстарына қарағанда ағымдағы кірістері 638,4 млрд теңгеге асып түскен, бұл 18,7 млрд теңге шығын болған бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 35 есе көп. Осы арада былтырғы жылғы шығындардың бір бөлігі Қазкоммерцбанктің шығындары, сондай-ақ проблемалық қарыздарды есептен шығару екенін айтып кеткен жөн. Шығынға батқан ойыншыларды шегергеннен кейінгі ЕДБ-ның 2018 жылғы табысы 2017 жылғы 480,6 млрд теңгемен салыстырғанда 640,5 млрд теңге (өсім 33,3%) болды.

Бір айта кетерлігі, банктердің табысы өскенде таза пайыздық кіріс 20%-ға немесе 188,7 млрд, 771,3 млрд теңгеге дейін түскен. Ал банктердің таза комиссиялық кірісі, керісінше, 18,3%-ға (62,5 млрд теңге) 403,8 млрд теңгеге дейін өскен. Ал нетто-негіздегі дилингтік операциялар 1,7 есе (86,2 млрд), 206,3 млрд теңгеге дейін табыс әкелген.

Нарықтан шығып қалған банктердің есебінен банктерді ұстап тұру шығысы жыл қорытындысы бойынша 7%-ға, 156,9 млрд теңгеге дейін төмендеген. Ал еңбекақы төлеу шығысы керісінше, 4,8%-ға, 241,4 млрд теңгеге өскен. Салықтық алымдар (КТС-ны қоса алғанда) 19,3%-ға немесе 27,7 млрд, 171,25 млрд теңгеге дейін артқан.

Былтырғы жылы банктердің саны 32-ден 28-ге қысқарды. Нарықтың шоғырлануы 60%-дан артық активтердің банктердің алғашқы бестігіне тиесілі екенін көрсетеді. Бұл ретте банк жүйесінің экономиканы дамытудағы рөлі ( ЕДБ-ның қарыз қоржынының ІЖӨ-ге) 2016 жылғы 33%-дан 2018 жылы 23%-ға дейін төмендеген.

Былтырғы жылдың басты тенденциясы корпоративтік қарыз алушылардың несиелер қоржынының 7%-ға, 7,59 трлн теңгеге дейін төмендеуі, жеке тұлғаларға берілетін қарыздардың 15%-ға, 5,26 трлн теңгеге дейін өсуі болды. Осы арада, азаматтардың борыштық жүктемесінің өсуі абсолютті мәнде депозиттердің өсімінен үш есеге асып түсіп отырғанын айтып кету керек.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу