2026 жылғы "Алтын допқа" үміткерлер рейтингі жаңартылды

300

Чемпиондар лигасының финалынан кейін Ламин Ямал үздік үштікке енді.  

2026 жылғы "Алтын допқа" үміткерлер рейтингі жаңартылды Фото: isport.ua

"ПСЖ" Чемпиондар лигасының финалында "Арсеналды" жеңгенінен кейін, 2026 жылғы "Алтын допқа" үміткерлердің рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты. 

Турнир жеңімпазы атанған "ПСЖ" клубының шабуылшысы Усман Дембеле бір саты жоғарылағанымен, рейтингте бірінші орынға көтеріле алмады. Ол екінші орында қалды.

Ал көш басындағы орнын "Баварияның" шабуылшысы Харри Кейн сақтап қалды. "Барселонаның" жас шабуылшысы Ламин Ямал үздік үштікке енсе, "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Деклан Райс алты орынға төмендеп, тоғызыншы орынға түсті.

Айта кетейік, өткен жылы Усман Дембеле "Алтын доп" сыйлығын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ оның командасы "ПСЖ" Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу