2027 жылдан бастап шағын және микробизнесті тексеруге мораторий енгізілуі мүмкін

433

Құрылтай мен Үкімет бұрынғы мораторийдің барлық оң және теріс тұстарын пысықтауы тиіс.

2027 жылдан бастап шағын және микробизнесті тексеруге мораторий енгізілуі мүмкін Фото: ЖИ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іскерлік белсенділікті талдау нәтижесі бизнесті қолдау үшін оған кедергі жасамау керек екенін көрсетіп отыр. Бұл туралы Президент айтты. 

"Осы орайда 2020-2023 жылдары микро және шағын бизнесті тексеруге енгізілген мораторий тәжірибесі өзінің тиімділігін көрсетті. Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесе отырып, бұрынғы мораторийдің барлық оң және теріс тұстарын ескере келе, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезекті үш жылдық мораторий енгізудің орындылығын талқылауды ұсынамын", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу