212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін үстемеақы қосылды

3620

78 мың медицина қызметкері шілде айында жоғары жалақы алды.  

212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін үстемеақы қосылды

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу мәселесін комиссия шешетінін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, үстемеақы алатындардың тізімін жедел штаб жанындағы өңірлік комиссия түзеді. Комиссия құрамына әкімдердің орынбасарлары, медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік бас санитарлық дәрігер, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы мен үкіметтік емес ұйым өкілдері кіреді. Үстемеақыны әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

"Ай сайын инфекциямен күрес жағдайында жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің саны артып келеді. Наурыз айында мұндай үстемеақыны 19 мың медицина қызметкері алса, маусым айында олардың саны 53 мыңға жетті. Шілде айының қорытындысында 78 мың медицина қызметкерінің жалақысына 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін үстемеақы қосылды", – деді министрліктің ресми өкілі.

Қанат Махамбет 


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу