22 наурыз – Жыл басы

678

Наурыз мейрамы – терең рухани-мәдени мәнге толы, жаңару мен жасампаздықтың бастауына айналған, қоғамның бірлігі мен ұлт ынтымағын нығайтатын ұлттық мереке.

22 наурыз – Жыл басы Фото: aqorda.kz

"Жыл басы" – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарын тағы бір жаңғыртып, тарихтың жаңа бетін ашуға шабыттандыратын күн.

"Жыл басы" күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтетін ерекше сәт.

Наурыз мейрамы – терең рухани-мәдени мәнге толы, жаңару мен жасампаздықтың бастауына айналған, қоғамның бірлігі мен ұлт ынтымағын нығайтатын ұлттық мереке.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлана бастады. 14 наурызда "Наурызнамa" онкүндігі басталды. Мерекенің жаңа форматы бізге қазақ мәдениетінің байлығы мен халқының алуан түрлілігіне назар аударуға, дәстүр-салтымызды жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Наурыз – әр қазақстандық үшін көктемгі жаңару, махаббат пен достық, бірлік пен үйлесімділік салтанат құратын мейрам.

Астананың орталық алаңында, Қазақ елі мен Бәйтерек монументтерінің жанында, Астаналық саябақ аумағында және EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен негізгі мерекелік концерттер өтеді.

Алматыда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Арбатта Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу