Қазақстандық спортшы 28 жылдан кейін ушудан әлем чемпионы атанды

294

Ушудан ұлттық құрама мүшелері Бразилиядан тарихи жеңіспен оралды.

Қазақстандық спортшы 28 жылдан кейін ушудан әлем чемпионы атанды

1-7 қыркүйек аралығында өткен Әлем чемпионатына 90 елден спортшылар қатысқан болатын.

100 келіден жоғары салмақта сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынқұлов алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет ушу саньдадан әлем чемпионы атанды.

Бұл – ұлттық құрама қоржынына 28 жылдан кейін түскен алғашқы алтын жүлде. Финалда ол мысырлық Ахмед Шалабиден 30 келіге жеңіл болғанына қарамастан айқын басымдықпен жеңді.

Сонымен қатар, 70 келі салмақта 18 жастағы Алижан Аблагатов финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Ол жолында Гонконг, Мысыр және Түрікменстан спортшыларын ұтып, финалда ирандық қарсыласынан ғана есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу