3 миллионнан аса адам Аргентинаны чемпионаттан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

505

Петиция авторының пікірінше, ФИФА Лионель Месси мен Аргентина құрамасының жеңісіне мүдделі.  

3 миллионнан аса адам Аргентинаны чемпионаттан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды Фото: Daniela Porcelli

Аргентинаның жеңістеріне қатысты дау бұған дейін де туындаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Интернетте футболдан Аргентина құрамасын Әлем чемпионатынан шығарып тастауды талап еткен петиция жарияланды. Оны қолдап қазірдің өзінде 3 миллионнан астам адам қол қойған.

"ФИФА мен төрешілер Лионель Месси мен Аргентина құрамасына оң көзбен қарайды. Егер жеңімпаз алдын ала белгілі болып қойса, басқа әлем елдері неге жарысуы керек? Аргентина құрамасын чемпионаттан шығарып тастап, әрбір құрамаға әділ мүмкіндік беріңіздер", – деп жазылған петицияда.

Аргентинаның жеңістеріне қатысты дау бұған дейін де туындаған. Мәселен, Египет футболшысы Зико ФИФА-ны Аргентина пайдасы үшін жемқорлық жасады деп айыптаса, Алжир құрамасы төрешілердің үстінен шағым түсірді.

Петицияның заңды күші жоқ. Соған қарамастан қазірдің өзінде оған 3,2 млн адам қол қойып үлгеріпті. ФИФА Аргентинаны Әлем чемпионатынан шығарып тастамаса да, бұл жайт ұйымның имиджіне үлкен зиян тигізуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу