32 жылдан кейін Қазақстан Азия ойындарында еркін жаттығудан күміс алды

201

Бұл Каримидің Азия ойындарындағы еркін жаттығудан алғашқы медалі.  

32 жылдан кейін Қазақстан Азия ойындарында еркін жаттығудан күміс алды Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында еркін жаттығудан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығудың финалында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы қорытынды есепте екінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан Азия ойындарында 32 жылдан кейін еркін жаттығудан қайтадан күміс медаль алды. Бұған дейін бұл бағдарламада қазақстандық гимнаст Сергей Федорченко 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарында екінші орын алған.

Милад Карими үшін бұл – Азия ойындарындағы еркін жаттығудан алған алғашқы медаль. Ол 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында осы бағдарлама бойынша бесінші орын иеленген болатын.

Карими Қазақстан құрамасының жетекші гимнасттарының бірі. Ол Олимпиада ойындарында, әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғап келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу