Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейту маңызды саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Біз қазірдің өзінде мәдени-гуманитарлық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Ортақ түркі тілдік және мәдени платформасының мойындалуы мен дамуы маңызды жетістіктердің біріне айналды. 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ қатысушы елдердегі ғылыми және білім беру бастамаларын қолдау маңызды. Түркі әлемінің тілдері мен мәдени мұрасын қолдау үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту ерекше маңызға ие, – деді Режеп Тайип Ердоған.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Алмағайып кезеңде түркі елдерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды" деп мәлімдеген болатын.