4 қазақстандық боксшы Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесі үшін бақ сынайды

125

Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

4 қазақстандық боксшы Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесі үшін бақ сынайды Фото: olympic.kz

1/2 финалдың қорытындысы бойынша 4 қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.

Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.

Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді.

80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді.

80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.

Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.

  • 60 келіге дейін: Виктория Графеева – Ребекка Сантос (Бразилия)
  • 65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • 80 келіден жоғары: Валерия Аксенова – Жофия Сира (Венгрия)
  • 85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы – Кауе Белини (Бразилия)
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу